top of page

 

Сағи ЖИЕНБАЕВ. Мен жығылып қала ма деп абайсыз, Туған далам келе жатты бірге ұшып...

"Қасым" порталы "Бір өлең - бір әлем" айдарын жалғастырады. Сонымен, оқырман назарына ұсынылатын өлеңнің авторы - қазақтың талантты ақыны Сағи Жиенбаев. Бұл өлең - туған жер мен перзенттің арасындағы махаббат пен сағыныштың әдемі этюды іспеттес. Мархабат!

 

"Қасым" порталы

 

 

 

                           * * * 
Көп болды ғой мінбегелі құр атқа, 
Шарт түйіліп шықпағалы қыратқа. 
Асауларды ақ сорпа ғып келетін – 
Қайран кездер қалып қойды-ау жырақта. 

Сол бір кезді еске алушы ем сағына, 
Міне, бүгін кездестім мен тағы да. 
Көңілім толқып, көрейінші дедім де, 
Создым қолды көкбестінің жалына. 

«Сен сағынсаң, мен де сені сағындым, 
Мен де көптен шабысымнан жаңылдым. 
Кең далаңда кесіліп бір көрейін, 
Шықпай жүрген терін алшы жанымның. 

Арқыратып ат мінбеген — кісі ме, 
Кісі еместің біздерменен ісі не?! 
Құмарыңды тарқатшы бір, бауырым, 
Әкетейін көк сағымның ішіне!...» 

Дегендей ол, ауыздығын тістеніп, 
Тұла бойын кетті оның да күш керіп. 
Неде болса басып қалдым қамшыны, 
Жалғыз тамшы жанарымнан түсті еріп. 

Кете бардым азыната жарып жел, 
Көз алдымда бұлдырайды сары бел, 
Жаны қалмай, қолын созып тұс-тұстан, 
«Байқашы!..» — деп дауыстайды қалың ел. 

Қыз-келіншек жаралғандай ақ гүлден, 
Сол бір сөзді қайталайды тәтті үнмен. 
Бір көгілдір дүниені бетке алып, 
Ақ жұлдыздай ағып бара жаттым мен. 

Шыр айналып, мені сүйіп-құшардай, 
Бір қарлығаш келеді алға түсе алмай. 
Айдалада құласам мен, 
Жалма-жан 
Қанатына мінгізіп ап ұшардай. 

Кірпігімде мөлдіреп бір тұрды шық, 
Кең жазықта ағып барам нұр құшып. 
Мен жығылып қала ма деп абайсыз, 
Туған далам келе жатты бірге ұшып...

 

Сағи ЖИЕНБАЕВ

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Бесік жыры

 

Әй-әй бөпем, әй бөпем,Ән айтайын, бал бөпем,

Ән тыңдағың келсе егер,Және айтайын, жан көкем

Бөпем менің ай ма екен.Шекер ме екен, бал ма екен.

Ойнақтап бір бәйгеденОзып келер тай ма екен.

Тас бұлақтар тауда екен,Жас құрақтар сайда екен

.Көлбең-көлбең ұшатынКөбелектер қайда екен

Қара қарға қарда екен,Жапалақтар жарда екен,

Балпаң-балпаң басатын

Балапандар қайда екен.Әй-әй бөпем, әй бөпем,

Ұйықтадың ба, бал бөпем...Алдағанға көнетін

Аңқау бөпе қайда екен.

 

Сағи ЖИЕНБАЕВ

 

 

 

 

 

Жазда

 

Көлім, көлім, көлім деп,
Қаз да келді маймаңдап.
«Шомыл, шомыл, шомыл» деп,
Жаз да келді жайраңдап.
«Тыру, тыру, тыру» деп,
Келді ұшып тырналар.
«Құру, құру, құру» деп,
Жүр жылқышы ағалар.
Өзен-көлдің жағасы
Гүлмен ою ойғандай.
Тырналарға қарашы
Жіпке тізіп қойғандай.
Ал, жүріңдер, балалар,
Қырға шығып көрейік.
Қызғалдақты терейік,
Құшактап ап келейік.

 

Сағи ЖИЕНБАЕВ

 

 

 

 

 

Қыста

 

Тағы да қыс түсті де,Тон жамылды қырқалар.

Қайың, терек үстінеҚона қалды ұлпа қар.

Адырға бар, жарға бар,Алыпты қар бүркеніп.

Қарға, қарға, қарғаларҚар үстінде жүр тоңып.

Көрінбейді бетеге,Көрінбейді ай тегі.

йге кіріп кете ме,Мына боран қайтеді.

Ауланы тез күрейік,Аққаланы үйейік,

Есігінен кораныңКіре алмасын бораның.

 

                                                                  Сағи ЖИЕНБАЕВ

 

 

 

 

Саяхат

 

Құшак жайды бар алап,Қуанышқа бөлендік.

Туған жерді аралап,Тамашаға кенелдік.

Ақ орамал жамылғанАсқар шыңға өрледік

Асқақтата салдық ән,Айдын көлде тербеліп.

Кездестік біз ерлермен

Көл орнатқан далаға,Өзендерді бөгеген

Өңкей күшті ағаға.

Біз солардай боламыз, Біз сүйеміз өмірді.

Көп-көп білім аламыз, Көркейтеміз өңірді

 

Сағи ЖИЕНБАЕВ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

bottom of page