top of page

 

 

 

Қазақстан Республикасының білім, мәдениет ұйымдарына, сондай-ақ мұнай кен орнына, теміржол бекетіне атау беру және оларды қайта алу туралы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 16 ақпан N 257

 

 

 

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 P960281_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды, ұйымдарды, мекемелерді, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібіне сәйкес және Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:      

 

1. 1-қосымшаға сәйкес білім, мәдениет ұйымдарына, сондай-ақ мұнай кен

         орнына есімдер берілсін. 

2. 2 -қосымшаға сәйкес білім ұйымдары қайта аталсын.

3.     Атырау облысы Исатай ауданындағы N 12 теміржол бекетіне "Сазанқұрақ" атауы берілсін.

4.     Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 ақпандағы N 257 қаулысына 1-қосымша Атақты тарихи тұлғалардың, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, көрнекті ғалымдардың, жазушылардың, ақындардың, ұстаздардың есімдер берілген білім, мәдениет ұйымдарының, сондай-ақ мұнай кен орнының тізбесі Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусына - Шоқан Уәлихановтың есімі; Ақтөбе облысы бойынша облыстық жасөспірімдер кітапханасына - ақын Сағи Жиенбаевтың есімі; Байғанин ауданындағы N 2 Қарауылкелді орта мектебіне - жазушы Тобық Жармағанбетовтың есімі;

 

 

 

 

bottom of page