top of page

«Елдікті,ерлікті  жырлаған ақын»

 

Сағи Жиенбаевтың 80 жылдығына арналып өткізілетін кітапханалық сабақтың сценарийі

Мақсаты:  қазақ поэзиясының оркестрінде өзіндік әсем сыңғыр үні бар Сағидың ақындық өнерін,   оның шынайы шабытынан ширығып шыққан өлеңдері жалпақ жұрттың жүрегіне жол тауып жататынын, өйткені ақынның өлеңдерінде  ыстығы мен суығы, кермегі мен тәттісі қым-қуыт араласып, астасып жатқан кәдімгі дүнияуи өмір барлығын жеткізіп айту. Жерлес ақынымыздың асыл мұрасын оқуға насихаттау.

Жүргізуші:

Ақын Жиенбаев –лирик., көп ақындарға ұқсамайтын ,өз қолтаңбасы бар .Оның шынайы шабытынан ширығып шыққан өлеңдері жалпақ жұрттың жүрегіне жол тауып жатады. Сонда өлеңді қадір тұтатын қауым Сағи лирикасынан өмірді көреді. Ыстығы мен суығы,кермегі мен тәттісі қым-қуыт араласып,астасып жатқан өмірдің бір тамшысын қалдырмай өз көкірегіне толтырып, жыр жолдарына жырлайды.

Ақынның өмір жолына тоқтап өтеміз:

 Қазақ поэзиясына өзінің азаматтық үнімен, сырлы сазды лирикалық өлең, дастандарымен сүбелі үлес қосқан қазақтың көрнекті ақыны Сағи Жиенбаев 1934 жылы мамыр айының 15-жұлдызында Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы "Оймауыт" ауылында дүниеге келді. 1955 жылы Қызылорда қаласындағы педагогикалық институтты бітіргеннен кейін Жезқазған қаласындағы мектепте мұғалім болып қызмет атқарды. Дарынды ақынның алғашқы өлеңдері сол кезден бастап республика баспасөзінде жариялана бастады. 
Сағи Жиенбаев 1956 жылдан бастап біржола шығармашылықпен айналысты. Ол "Қазақ әдебиеті", "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газеттерінде, "Мәдениет және тұрмыс", "Жұлдыз" журналдарында бөлім меңгерушісі болды. Ұзақ жылдар бойы "Жазушы" баспасында поэзия редакциясын басқарды. 
Сағи Жиенбаевтың лирикалық өлеңдері оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленіп, әдеби сында жоғары бағасын алды. Тұманың тұнық суындай жарқыраған Сағи жырлары - ұлттық әдебиетіміздің алтын қорына қосылған салмақты дүниелердің қатарында. 
Ақынның өлеңдері туысқан халықтар және шетел тілдеріне аударылып жарық көрді. Ол қазақ композиторларымен шығармашылық байланыста болды. Ғазиза Жұбанованың "Еңлік - Кебек", Базарбай Жұманиязовтың "Махамбет" операларының либреттосын жазды. 
Ақынның алғашқы "Қарлығаш" аталатын өлеңдер жинағынан кейін "Сыйлық", "Таң алдында", "Дала гүлі", "Қайырлы таң", "Алтын қалам",' "Нан мен түз" таңдамалы жинағы, "Іңкәр дүние", "Жарық жұлдыздар", "Бақ құсы" өзге де отызға тарта елең жинақтары, тандамалы дастандары жарық көрді. Кеңестер Одағының батыры Әлия Молдағұлова хақында жазған "Әлия" поэмасы кезінде оқырман қауымнан жиғары бағасын алған еді. 
Ақынның ең таңдаулы өлеңдері музыка тілінде сөйлеп, халық арасында кең тарап кетті. 
Сағи Жиенбаев тәржіма саласында да көп еңбек етті. Ол А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, О.Туманян, В.Брюсов, Я.Смеляков, Р.Ғамзатов, Д.Кугультинов, М.Қанағатов, Д.Сасунскийдің өлеңдерін қазақша тәржімалады. Мектеп оқулықтарына енген шығармалары: "Әлия", "Бозторғай", "Жарық жұлдыздар", "Жиырма сегіз", 
"Ботақан", "Қошақан", "Бұзауқан", "Ұшып келем".

Ақын Сағи Жиенбаев қолына қалам алғалы, қырық жыл болды. Соның отыз жылында қазақ поэзиясында оның әбден орныққан тұрақты мекені, шүйгін жайлауы, тәтті бұлағы, жұпар самалы бар екеніне бүгін ешкім дау айтпайды. Сағи жердің түпкі құдіреті,қасиеті, киесі туралы, оның бүгінгі адамдар қолынан тартқан зары мен зардабы , табиғат экологиясы мен рухани ,жан экологиясы туралы ойларын, табиғат пен адам ортасының өкілдерін жеке-жеке жырлау арқылы өріп, талдап беру әдісімен тәнті етеді. Сағи Жиенбаев шығармаларының үлкен бір саласы сонау Ұлы Отан соғысы,сол тұстағы тылдағы, арттағы ауыл, жетімдік,жесірлік соры, ауыз біршілік, елшілдік,отан сүйгіштік тақырып болды. Сағидың соғыс  жылдарына арнаған өлеңдері поэзиямыздың үздік үлгілерінің сапында өз орнын тапты. «Сыртта боран ұлып тұр», «Оң аяқ», «Бөрік» ,» Медаль», «Әйелдер», «Жеңістің тұңғыш таңы бұл» сияқты өлеңдері-көзіңе жас,өзегіне от тастап,кеудеңді тұңғиық мерей рахатына толтыратын нағыз дүниелер. Әр өлең жолдарында қазіргі жас ұрпақтың санасына сыймайтын сұмдық ақиқат бар. Соғысқа деген лағнет жатыр.

Кітапханашы Айнұр Жақсығалиқызы «Жеңістің тұңғыш таңы бұл» өлеңін оқиды.

Ақын қолына қаламды ерте алды. Мектепте өте жақсы бітірген. Соғыстан  кейінгі қиын жылдарда ол өз еңбегімен Қызылордадағы Гоголь артындағы педагогикалық институтқа оқуға түскен баласына демалысқа келген анасы оқуын бір жыл қоя тұруын өтінеді. Сағи да анасының сөзін жерге тастамай, Байғаниннің Жарқамыстағы орта мектебіне мұғалім болып орналасып қызмет істейді.Бірақ оны оқу орны  шақырып қайта кету керек болады. Баласына азық болсын деп алып келе жатқан анасының екі қап тарысының біреуіне шеге  кіріп кетіп төгіліп қалады, сонда анасы Сағиға көрсетпей ішіндегі шерен ,қайғысын қозғап мықтап жылайды. Анасы қалған бір қап тарыны қайнатып, түйіп береді. Ал  Сағидың алған айлығына оған керекті киім-кешек алып беріп, оқуына аттандырады.Анасын жақсы көрген Сағи анасына арнап көптеген өлеңдерін жазды. Анасы  Жібек Қарақалпақстанға  жер асып кеткен баласы ,яғни Сағидың ағасы Аташтың қолында болып ,сол жақта 1985 жылы қайтыс болған. Ал Сағи көбіне нағашы әжесінің қолында болады.  Ақынның «Сүт туралы баллада» деген өлеңін алсақ бұл өлеңде азаматы соғысқа кетіп,бір үйлі жан жалғыз сиырдың сүтіне қарап қалады. Көктем. Соғыс жылдарындағы ауылдың жағдайы. Өрістен қайтатын сиырды балалар асыға күтеді, себебі ішетін сүт керек. Анасының сиыр сауып жатқан кездегі көріністі тап басып жазған. Шелекке сауып жатқан ақ жаңбырдай сүтке балада, байлаулы бұзауда көздерін сатып қарауы, соңғы иінде сиыр  бұзауын ойласа, сауып отырған ана ұлын ойлайды.Сүт сауылып болғанда бала анасына ілесіп, ал бұзау енесіне ілесіп бара жатқанын суреттейді.

Кітапханашы  Айнұр Жақсығалиқызы «Сүт туралы баллада» өлеңін оқиды.

Жүргізуші:

Сағи ақын жеті жасынан колхоздың арбасын айдайды. Балдәурен балалық шағының базарлы болмады, аштық, жетімдік, жоқтықтың зарын тартты. Аңсап күткен Жеңіс келгенде бір топ балдармен Қаракөл деген жерде шоңқай  теріп жүреді. Жинаған шоңқайларын Атанғара деген кісінің қорасына тастап, сабақтан қайтарда алып қайтады. Шоңқай деген көсіктің бірі түрі, оны ыстық құмға қуырғанда борпылдап піседі, осы піскен шоңқайды келіге талқандап жеген.Сағидың жастық шағының қандай болғаны оның өлеңдерінен байқалады. Сағидың нағашысы Құлнияз суырып салма ақын болған, Сағидың кескін-келбеті сол нағашысына тартқан. Ал әкесі Жиенбай Өмірбаев 1901 жылы туған, 1937 жылы 8 тамызда қазіргі Байғанин,ол кездегі Табын ауданындағы 11 ауылынан Ақтөбе түрмесіне ұстап  әкетіп, «үштіктің» ұйғарымымен екі аптадан кейін атқан. Сүйегі Түйетөбеде жатыр.

Кітапханашы Айнұр Жақсығалиқызы «Келіп қалар» өлеңін оқиды.

Жүргізуші:

Енді ақынның махаббат тақырыбына жазған шығармаларына тоқтар болсақ оның алғаг ғашық болған қызына «Көктемнің балғын кезі еді» деген өлеңін арнаған. Жемнің,Жем өзенінің,жасыл өзегі көгілдір мұнарға малынып тұрған тамаша бір шақта балғын жас өзен жағасындағы қайран құмға саусақтары дірілдеп, бір қыз баланың есімін жазып кетеді. Бірақ жел үріп, оны өшіріп тастайды. Жаз өтіп,қыс түскенде ол өз Шырының есімін алғаш жауған ақ қарға жазады. Бірақ сол күні соққан боран оны да басып қалады. Оны ол қыз білмейді. Енді ақын жел де, боран да бара алмайтын бір ғана орынға былай деп жазады;

Гүл жапты талай белеңді,

Бұрқады талай ақ боран

Атыңды сенің мен енді

Кеудеме жазып сақтағам.

Сақтаулы сонда бейненң мен

Сонау бір балғын күлкің де.\

Енді оны менің кеудемнен

Өшіру,сірә, мүмкін бе

Сол қиял-қыз қазір қайда, оның есімі кім. Бұл бір жұмбақ.

Сағи төңірегін,тіпті табиғат көріністерін де, мәңгі қозғалыс қалпында қабылдайды. Ол табиғатты құрғақ суреттеп жатпайды, әдемі ырғақ, келісті сөзбен баяндап, бір кезде көргенмен, есте сақталмаған кейбір ғажайып көріністерді қайтадан көз алдыңа әкеледі. Туған жердің сұлулыққа тұнып тұрған келісті келбетін  ақын алабұртпай, алақызбай, байсалды, баяндайды. «Көкше қысы» өлеңінде ақ бояуға ,тылсым тыныштыққа толы айнала, қар қылауын ауырсынған ақ қайың, ақ мамыққа бөленген жартастар, жер бетіндегі ақ төсек, жер үстіндегі ақша бұлт, үнсіз ғана жауып тұрған ақ қар, адалдықтың ақ көрпесін жамылған орманды көрсетеді.

Кітапханашы Айнұр Жақсығалиқызы «Көкше қысы» өлеңін оқиды.

Жүргізуші:

 Енді ақынның жары Уәзипаның естеліктері.

Кешке көркемделген кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған ;                         Ш.Дүсіпова

 

 

 

 

 

 

 

 

                  «Жемнің жарық жұлдызы»

 

Мақсаты:       

Тобық  Жармағамбетовтың бірін-бірі жанашырлықпен жетелеп отырған

шығармаларында өзі туып-өскен ауылдың адамдары мен таныс тағдырлар

сезімтал білгірлікпен,ерекше махаббатпен баяндалатыны жиі әңгімеленеді

міне осындай жазушының шығармаларын оқырмандарға таныстыру.

Жүргізуші:

Жармағамбетов Тобық (1934,Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс

поселкісінде туған.

1957 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.Сосын өзінің туған жерінде орта мектепте мұғалім болған. Кейін Ақтөбе телевизия студиясының аға редакторы және бас редакторы болып істеген. Ақтөбе облысының «Коммунизм жолы» газеті  редакциясында және өмірінің соңғы кездерінде мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамында қызмет істеген.КПСС мүшесі.

Т.Жармағамбетов аз өмірі ішінде повесть,әңгіме жанрында, теледраматургия

саласында еңбек етті.

Шығармалары: Нәзік бұлттар,Алматы, «Жазушы» баспасы,1966;Екі жүрек,

Повесть пен әңгімелер, «Жазушы»,1968; Сентябрь түні,Повесть. «Жазушы»,

1970; Соңғы хат. Повесть пен әңгімелер. «Жазушы»,1977;Ақ жауын.1-томдық. «Жазушы»,1984.

1994 жылы өзі жоқ болса да, өзгеше мәнерлі прозалық шығармалары  ортамызда қалған жазушы  Тобық Жармағамбетовтың  60 жылдық тойы

облысымыздың көлемінде кең аталып өтті.Туындылары тағы да бір сөз болды естеліктер айтылды.Кейін сол тойда айтылған тілектердің бір белгісіндей болып Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен  Байғанин ауданындағы №2 Қарауылкелді орта мектебіне жазушы Тобық  Жармағамбетовтың есімі берілді.

Оқу залының  аға кітапханашысы Дүсіпова Шұға Батан Отарбаева 60 жасқа арнау деген өлеңін оқиды.

Тоқаңа ұстаздық еткен Ниетжан Берікұлы ағамыздың естеліктерінің бірінде мынадай жолдар бар еді: «Тобық 1951-52 жылдары Жарқамыс орта мектебінің 9-10 кластарында оқыды. Мен қазақ әдебиетінен оларға дәріс оқыдым… Біз сияқты институтты жаңа бітіріп келген жас мұғалімге Тобық оқитын класқа сабақ беру үлкен сын еді. Ол әдебиеттің дүниежүзілік, батыстық, шығыстық үлгілерін көп білетін… Әдебиетті терең білетіндігінен, оны сүйіп оқитындығынан Тобықпен әдебиет теориясы, әдебиет сыны, әдебиет тарихы, әдеби тіл, проза, поэзия, драма салаларынан әңгіме-дүкен құру жас ұстаз мен үшін де өте қызықты еді…»

Жазушының қолжазбасын саралағанда, әлбетте, қандай тақырыптарға қалам тартқанына назар аудармасқа болмайтындығы мәлім. «Өлең», «Ой», «Күй», «Көктем», «Сау бол, толқын», «Ембі», «Ақыл мен сұлулық», «Мен кімді сүйемін», «Бір тамшы жас», «Жер туралы ой», «Шахматтық фантазия», «Қызыл гүлге», «Кітап», «Телеграф бағанына» тәрізді өлеңдер жас талаптың сол кездегі көңіл өрісі қай тараптарда болғанынан едәуір хабардар етеді. Рас, қай талапкердің де қаламына кейде жанама, кейде тура түрде әр заманының өз саяси көзқарасы ілігуі де заңдылық. Жас Тобықтың «Коммунизм», «Комсомол билеті», «Бейбітшілік жеңеді», «Кореяда», «Киров өліміне» тәрізді өлеңдеріне осы тұрғыда қараған абзал.

Кітапханашы Сұлтанғалиева Айнұр Мұхтар Құрманалиннің Тобыққа арнау   өлеңін оқиды.     Талантты жазушы Тобық Жармағамбетов қазақ әдебиетіне өзінің ерекше қалам қуатын, тың қадамын таныта келген жаңашыл қаламгер еді. Ол алғашқы туындыларымен-ақ оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленді. Әдебиет сыншылары Тобық талантын жоғары бағалады.

Отыз тоғыз жыл ғұмыр кешкен оның шығармалары күні бүгінге дейін жұртшылық назарында. Бұл кітапта жазушының адами, қаламгерлік келбеттері оның замандастары көзімен бейнеленіп, артында қалған мұрасының бағасы беріледі.

«Ел есінде сақталатын тұлға» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолуды  оқу залының аға кітапханашысы Дүсіпова Шұға жасайды.

                    Тобық ескерткіші басындағы ой

                           Қалауов Нұрлыбек 

                                 Ұстаз

 

                   Көп еді көкірегінде жалынды ой,

                   Бәрі де тағдырыңа бағынды ғой.

                   Басыңды бір көтерші қайран Тобық,

                   Халқың мен «Нәзік бұлтың» сағынды ғой.

                   Қайнардан қайнап шыққан бұлақ едің,

                   Майда ерке толқыныңмен ұнап едің.

                   Теңізге ұлассын,-деп тілеуші едік

                   Дертіңнің таба алмадық бірақ емін.

                   Тұрмадың шөлімізді қандырғанша,

                   Тірлікде айтылмаған ән-жыр қанша.

                   Достарың сені жоқ деп айта алмайды,

                   Түсесің есімізге жаңбыр жауса...

 

 

bottom of page